20.10.2015, 13:18 3794

Елбасы Қызылорда облысына жұмыс сапарыныӊ қорытындысы жөнінде БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанныӊ барлық өӊірлері сияқты Қызылорда облысыныӊ да өсіп-өркендеп жатқанына тоқталды

Астана. 20 Қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанныӊ барлық өӊірлері сияқты Қызылорда облысыныӊ да өсіп-өркендеп жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кейінгі жылдары облыс орталығы көркейді, саябақтары көбейді, тұрғындар үшін қажетті жағдайлар едәуір жақсарды. Қазір Сырдарияныӊ сол жағалауын игеру және абаттандыру жұмыстары, соныӊ ішінде көпір мен тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қалада балабақшалар, мектептер мен ауруханалар салынуда, - деді Мемлекет басшысы. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев өӊірдіӊ дамуы үшін қажетті жағдайдыӊ бәрі бар екеніне назар аударды.

Облыс аумағымен "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автокөлік дәлізі, теміржол магистральдары, газ құбырлары мен электр желілері өтеді. Мен өӊірдегі мемлекеттік бағдарламалардыӊ жүзеге асырылуы мен баспана құрылысыныӊ барысымен таныстым, өндірістік нысандарды аралап көрдім. Индустрияландыру аясында облыста ірі кәсіпорындар іске қосылатын болады, соныӊ ішінде бүкіл Қазақстанды өз өнімімен қамтамасыз ете алатын әйнек зауыты да бар. Жалпы, елдіӊ барлық өӊірініӊ ахуалы жақсарды, олардыӊ бәрі елордаға қарап бой түзеуде, - деді Қазақстан Президенті.

Бұл ретте Мемлекет басшысы тұрмыстыӊ бұдан әрі жақсаруы халықтыӊ еӊбексүйгіштігіне, өӊірді дамыту және абаттандыру үшін жұмылдырған күш-жігеріне тікелей байланысты екенін атап өтті. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев қатаӊ табиғат жағдайына қарамастан қаланы көгалдандыру ісінде жеткен жетістіктерге назар аударды.

Мысалы, бұрын Астананыӊ айналасында да орман өспейді деп айтатын. Ал қазір елорданы 70 мыӊ гектар ағаш қоршап тұр, олар болашақта Щучинск-Бурабай аймағыныӊ орманымен түйісетін болады. Егер біздіӊ жастар "Жасыл ел" бағдарламасы аясында ағаш отырғызып, күтімге алынса, бұл мұныӊ үлесі зор болады, елді абаттандыруға, тұрмыс жағдайын жақсартуға ықпал етеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті сондай-ақ биыл рекордтық көлемде күріш жинаған жергілікті диқандарды құттықтады.

Күріш Қызылорда облысыныӊ негізгі ауыл шаруашылығы дақылы болып саналады. Биыл әр гектардан 50 центнерден астам өнім алынды. Бұрын мұндай көрсеткіш болмаған, - деді Мемлекет басшысы.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев облыс халқына бақ-береке және игілік тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны