10.04.2012, 10:19 3689

Елбасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестациядан өткізу туралы жарлыққа қол қойды

"Президент Икімшілігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2012 жылғы 30 желтоқсанға дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын",- деп айтылған жарлықтың мәтінінде.

Астана. 10-сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестациядан өткізу туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ресми БАҚ хабарлауынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 8-сәуір күні "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестациядан өткізу туралы" Жарлыққа қол қойған.

"Президент Икімшілігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2012 жылғы 30 желтоқсанға дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын",- деп айтылған жарлықтың мәтінінде.

"Осы Жарлық, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына тиісті түзетулер қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", деп атап көрсетілген құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны