22.09.2006, 13:40 3016

Елбасы мен РФ үкімет басшысының орынбасары екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады

АСТАНА. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ үкімет басшысының бірінші орынбасары Дмитрий Медведев бүгін Астанада өткен кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Кездесуде Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелердің екі елді өзара байланыстыратын сан қырлары мен түрлі бағыттары талқыланды. Соның ішінде экономикалық проблемалар да, сауда мен транспорт саласындағы ынтымақтастық мәселелері де бар",- деді Д.Медведев кездесуден кейінгі брифингте.

"Біз сондай-ақ, ірі жобаларды, соның ішінде біздің елімізде қазір жүзеге асырылып жатқан басымдық берілген ұлттық жобаларымызға ұқсас жобаларды жүзеге асыруға қатысты Қазақстанның тәжірибесі туралы сөз қозғадық",- деді ол.

Д.Медведевтің айтуынша, келіссөздер үкімет басшылары деңгейінде жалғасады. "Ағымдағы жылдың қазан айының басында Оралда өтетін шекаралық ынтымақтастық форумында екі ел басшыларының кезекті кездесуі өтеді", деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны