02.10.2018, 14:31 4137

Елбасы министрлер мен үкімет мүшелеріне, компаниялардыӊ басшыларына Түркістан қаласында нысандар салу жөнінде тапсырма берді

Осы жиында кәсіпкерлер мен ірі компаниялар Түркістанға аурухана, туризм колледжін тарту ететіндерін жеткізді. Мемлекет басшысы әрбір нысанды қағазға мұқият белгілеп, оны салу міндеті кімге тапсырылғанын жазып алып отырды. Облыс әкімдігі мен компаниялар арасында келісімдер түзіліп, жұмысты бастау керектігін жеткізді.

Түркістан. 2 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысыныӊ әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеӊес өткізгені белгілі. Сол жиында Елбасы министрлер мен үкімет мүшелеріне, еліміздегі алпауыт компаниялардыӊ басшыларына Түркістан қаласына бір-бір нысан салу жөнінде тапсырма берді.

Ирбір басшыны орнынан тұрғызып, жеке-жеке сөйлескен Елбасы мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге үнемі қолдау көрсетілгенін, енді олар да мемлекете үлес қосаулары керектігін айтты. Түркістан қаласына қажетті нысандарды тізбелеп, танымал компанияларға нақты міндет жүктеді. Мәселен, Елбасы "Базис-А" компаниясыныӊ басшысы Александр Беловичке "Сіздер спорттық және мәдени нысандарды жақсы салып жүрсіздер. Бұл жерге театр керек. Оған қауқарыӊыз жетеді деп есептеймін. Түркістанға әдемі, әмбебап театр салу қажет" деді. Компания басшысы тапсырманы орындайтынына уәде берді. Ал, ENRC басшыларыныӊ бірі, атақты миллиардер Патох Шодиевке Түркістанда әлемдік деӊгейдегі Түркі халықтарыныӊ музейін салып беру жөнінде тапсырма міндет жүктелді. Сонымен қатар, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясыныӊ басқарма төрағасы Сауат Мыӊбаевқа халықаралық талапқа сай үлкен стадион салу жөнінде тапсырма берілді. "Орындаймыз!" деді ол. Айдын Рақымбаев басқаратын BI Group компаниясы Қазақ хандары мен билерініӊ, батырларыныӊ орталығын ашып берсе, "Хайвилл Қазақстан" компаниясы тұрғын үй кешенін салуға кіріседі. "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы жастар сарайын қолға алса, "KEGOC" Қожа Аxмет Ясауидіӊ шағын музейін салып береді. Сондай-ақ "Қазпошта" АҚ Түркістанда заман талабына сай почта бөлімшесі мен цифрлық кеӊсені қолға алса, "Қазақтелеком" Smart теxнологияларды енгізеді. Кәсіпкер Данияр Абылғазин су спорты кешенін салуға уәде берсе, Нұрлан Смағұлов көлік салонын ашып береді. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Түркістанға қаржылай қолдау көрсетсе, түркиялық компаниялар да Түркістанды дамытуға үлес қосатын болды. Осы жиында кәсіпкерлер мен ірі компаниялар Түркістанға аурухана, туризм колледжін тарту ететіндерін жеткізді. Мемлекет басшысы әрбір нысанды қағазға мұқият белгілеп, оны салу міндеті кімге тапсырылғанын жазып алып отырды. Облыс әкімдігі мен компаниялар арасында келісімдер түзіліп, жұмысты бастау керектігін жеткізді.

"Шаһар тұрғындары саныныӊ өсуіне және туристердіӊ көптеп келуіне байланысты әкімдікке, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорымен, Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, Түркістан қаласыныӊ теміржол вокзалын реконструкциялау, оныӊ өткізу мүмкіндігін ұлғайту, сондай-ақ әуежай салу және әуе қатынастарын қамтамасыз ету мәселелерін қарастыруды тапсырамын. Түркістанды заманауи технологияларды қолдана отырып, төл мәдениетімізге сай қайта жаӊғырту керек. Сосын Түркістанды дамыту қорын да құрған дұрыс. Кім қолдау жасауға дайын, сол ақшаны аударсын. "Көз - қорқақ, қол - батыр" демекші, осыныӊ бәрін бір-екі жылда бітіретін болсақ, Түркістан жайнап шыға келеді",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны