22.08.2012, 14:20 2927

Елбасы Н.Назарбаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды

Атап айтқанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің 1-ші және 2-ші шешімдерін, Дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 20 жыл толуына орай Қазақстан Президенті мен Қырғызстан Президентінің Бірлескен мерейтойлық декларациясын рәсімдеді.

Астана. 22-тамыз. Kazakhstan Today - Елбасы Н.Назарбаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің 1-ші және 2-ші шешімдерін, Дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 20 жыл толуына орай Қазақстан Президенті мен Қырғызстан Президентінің Бірлескен мерейтойлық декларациясын рәсімдеді.

Ал ҚР Инудстрия және жаңа технологиялар министрі И.Исекешев пен ҚР Экономика және монополияға қарсы саясат миинстрі Т.Сариев 2007 жылғы 11 шілдедегі Қазақстандық-қырғызстандық инвестициялық қор құру туралы Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға, ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов пен ҚР Үкіметі жанындағы Құрылыс және өңірлік даму мемлекеттік агенттігінің директоры К.Нарбаев Қырғызстанда мектеп салу туралы Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері арасындағы келісімге, ҚР Көлік және коммуникация министрі А.Жұмағалиев пен ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік байланыс агенттігінің директоры А.Кадыркулов Қазақстан Үкіметі мен Қырғызстан үкімет арасындағы Қазақстан мен Қырғызстан радио қызметтері пайдаланатын 30-2000 МГц радиожиілік белдеуінде радиожиліктер беруді үйлестіру туралы келісімге, ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов пен ҚР Есірткіні бақылау мемлекеттік қызметінің төрағасы К.Душебаев Қазақстан мен Қырғызстан Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2012-2013 жылдарға ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны