08.04.2015, 08:54 3909

Елбасы облыстық драма театрда болды

Елбасы театрда шығармашыл зиялы қауым және облыстыӊ этно-мәдени бірлестіктері өкілдерімен кездесті

Астана. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы театрда шығармашыл зиялы қауым және облыстыӊ этно-мәдени бірлестіктері өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Қазақстан Президенті жиналғандарды жаӊа театрдыӊ ашылуымен құттықтап, елдіӊ береке-бірлігі үшін қоғамды рухани және мәдени дамытудыӊ маӊыздылығын атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

- Бұл - мәдениеттіӊ тамаша жаӊа ордасы. Театр 600 орынға лайықталған, дайындық залдары, кіші залы бар. Қазақ және орыс труппаларыныӊ ойдағыдай жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Өскемендіктер осы залда актерлердіӊ тарихымыз бен қазіргімізді айшықтайтын керемет ойынын көретініне сенімдімін, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанныӊ мәдени өмірін нығайтудағы экономикалық бақуаттылықтыӊ айрықша рөлін атап өтті.

- Мәдениет дамуы үшін экономиканы көтеру қажет. Адамныӊ театрға баруды қалауы тыныш өмір сүріп, тұрақты табыс тапқан кезде ғана пайда болады. Қазақстанда бүгінде үш опера және балет театры, ал облыстарда 50 шақты театр жұмыс істейді. Мұныӊ бәрі мәдени-рухани өмірдіӊ де экономикадағыдай қарқынмен дамуы үшін қажет, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ мәдениет пен өнер саласында қол жеткізген жетістіктері елдіӊ жүйелі экономикалық дамуы арқасында мүмкін болғанына назар аударды.

- Тәуелсіздік жылдары біз жаӊа Қазақстанды қалыптастырдық, жаӊа ұрпақ тәрбиеледік, экономиканы еселедік, халықтыӊ табысын ұлғайттық. Біз үлкен екі дағдарысты еӊсердік. Биыл 20 жылдығын атап өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясы әлемніӊ көптеген елдеріне үлгі болды. Республикамыз ауқымды халықаралық шаралар өтетін орынға айналды. Осыныӊ бәріне бірлік пен тұрақтылықтыӊ арқасында қол жетті. Мұны еӊ басты байлығымыз ретінде сақтау керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соӊында Қазақстан Президенті баршаға зор денсаулық, татулық және табыс тіледі.

Іс-шара барысында сондай-ақ театр актерлері өнер көрсетіп, концерт өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны