25.08.2006, 18:51 2943

Елбасы "Отан" республикалық саяси партиясының Қарағанды облыстық филиалының активімен кездесті

ҚАРАҒАНДЫ. 25-тамыз. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Отан" республикалық саяси партиясының Қарағанды облыстық филиалының активімен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ел президентін соғыс ардагерлері, мәдениет пен өнер қайраткерлері, ғылыми қызметкерлер, "Отан" партиясының белсенділері мен мүшелері қарсы алды.

- Саяси жаңғыртулар процесінде мен "Отан" партиясына үлкен үміт артамын. Біз партияны жан-жақты нығайта береміз әрі "Отанның" қатарынан басқарушылар даярлайтын боламыз, - деді президент кездесуде сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы "Отанның" белсенділеріне стратегиялық мақсатқа қол жеткізу - Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі орайында бірқатар міндеттер жүктеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны