11.05.2016, 17:37 3898

Елбасы Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеӊесініӊ төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесті

Бұл орайда Қазақстан Президенті осы интеграциялық бірлестіктіӊ дамуына назар аударды, сондай-ақ Еуропалық комиссия төрағасы Ж.-К.Юнкермен күзде Еуразиялық экономикалық одақ - Еуропалық одақ бірлескен форумын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін айтты

Астана. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Кездесу барысында екі елдіӊ өзара ықпалдастығын, соныӊ ішінде парламентаралық саладағы іс-қимылын нығайту мәселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық көпжақты сипатта екенін, оған негіз қалаушы құжат ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарт болып саналатынын және ол Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шешім қабылдауға ықпал еткенін атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл орайда Қазақстан Президенті осы интеграциялық бірлестіктіӊ дамуына назар аударды, сондай-ақ Еуропалық комиссия төрағасы Ж.-К.Юнкермен күзде Еуразиялық экономикалық одақ - Еуропалық одақ бірлескен форумын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін айтты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Ресей Федералдық Жиналысыныӊ Федерация Кеӊесініӊ төрайымы қабылдау үшін алғыс айтып, екі елдіӊ арасындағы стратегиялық және достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға бар күш-жігерін жұмсауға әзір екенін білдірді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы сондай-ақ В.Матвиенкоға Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі "Достық" орденін тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны