15.03.2012, 10:20 3496

Елбасы Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Армандастар" атты көркем фильмнің премьерасын тамашалады

Фильм Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.И.Назарбаевтың "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері туралы. Көркем фильмде Қазақстанның барлық өңірінен келген студенттер тағдыры, таңқалдырарлық тарихы көрініс тапқан. Фильм нақты оқиғаларға негізделген.

Астана. 15-наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Армандастар" атты көркем фильмнің премьерасын тамашалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Фильм Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.И.Назарбаевтың "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері туралы. Көркем фильмде Қазақстанның барлық өңірінен келген студенттер тағдыры, таңқалдырарлық тарихы көрініс тапқан. Фильм нақты оқиғаларға негізделген.

Фильмнің сюжетіне әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түскен жас қазақстандықтардың тағдыры арқау болады. Ир кейіпкердің өз тарихы, өз оқиғасы бар.

Фильм жалпыұлттық прокатқа 2012 жылғы 15 наурызда шығады.

Фильмнің режиссері - Ерлан Сағынов. Басты рөлдерде ойнағандар: Иділ Ахметов, Елдар Отарбаев, Айнара Рысдәулетова, Марлен Жұмақов, Ғабит Мұстафа, Андрей Марычев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны