27.07.2007, 10:36 2857

Елбасы сыртқы істер министрімен алдағы халықаралық іс-шараларды талқылады

АСТАНА. 27 - шілде. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы істер министрі Марат Тәжинмен алдағы халықаралық іс-шараларды талқылады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек кездесу барысында "Изербайжан, Иордания және Монғолия президенттерінің Қазақстанға жоспарланған сапарлары" жайлы талқыланған. Сонымен қатар, Елбасы Қырғызстанда өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысады. "Сондай-ақ Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға сапары жайлы талқыланды".

"Президент сыртқы саясат мекемесінің басшысына алдағы халықаралық іс-шараларға байланысты нақты тапсырмалар берді",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны