08.06.2016, 12:23 3807

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдады

Кездесу барысында В.Жұмақанов Мемлекет басшысына Ақтөбе облысындағы антитеррорлық операцияныӊ осы кезеӊге дейінгі нәтижелері туралы баяндады

Астана. 8 маусым. Kazakhstan Today - Кездесу барысында В.Жұмақанов Мемлекет басшысына Ақтөбе облысындағы антитеррорлық операцияныӊ осы кезеӊге дейінгі нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ төрағасы қазіргі уақытқа дейін 13 қылмыскердіӊ көзі жойылып, 14-і жараланғанын айтты. Бұдан бөлек, дайындық кезеӊінде қылмысқа қатысудан 20 адам бас тартқан, олар анықталып, жауап алынды. Қазіргі кезде 6 адам іздестірілуде, қолда бар ақпарат бойынша, олар Ақтөбе облысыныӊ аумағында жүр, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Ақтөбе облысындағы террористік әрекеттерге қатысы бар адамдарды ұстап, тұтқындау жұмыстарын тиімді түрде жүргізу қажеттігін атап өтті.

- Біз олардыӊ сол өӊірде екенін білеміз, жеке бастарына қатысты мәліметтер белгілі, халыққа ескертілді. Қылмыскерлердіӊ бәрін түгел тұтқындау қажет. Қарулы қарсылық көрсеткен жағдайда көздерін жою керек. Барлығы еӊ қатал жазаға тартылуға тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны