23.05.2013, 15:46 3596

Елбасы VI Астана экономикалық форумы аясында Германия экономикасы шығыс комитетінің төрағасы Экхард Кордеспен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және оның аясын кеңейтуге байланысты кең ауқымды мәселелер, сондай-ақ Германия экономикасы шығыс комитетінің осы үдерістегі рөлі талқыланды.

Астана. 23-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VI Астана экономикалық форумы аясында Германия экономикасы шығыс комитетінің төрағасы Экхард Кордеспен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және оның аясын кеңейтуге байланысты кең ауқымды мәселелер, сондай-ақ Германия экономикасы шығыс комитетінің осы үдерістегі рөлі талқыланды.

Мемлекет басшысы Э.Кордеске Қазақстан-Германия қарым-қатынастарын дамытуға белсене қатысқаны үшін алғысын айтып, бірлескен ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін әзірлеудің маңыздылығына тоқталды.

Э.Кордес Қазақстан мен Германия арасындағы қатынастар дамуы серпінді сипатта екенін атап өтті, сондай-ақ VI Астана экономикалық форумы аясындағы жемісті пікір алмасуларға қанағаттанушылық білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны