02.12.2015, 09:38 3743

Елбасы жаӊажылдық бас шыршаныӊ шырағын жағу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы рәсім барысында қатысушылардыӊ барлығын алдағы Жаӊа жылмен және елдіӊ бас шыршасы шырағыныӊ жағылуымен құттықтады

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы рәсім барысында қатысушылардыӊ барлығын алдағы Жаӊа жылмен және елдіӊ бас шыршасы шырағыныӊ жағылуымен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жаӊа жыл - әсіресе өскелеӊ ұрпақ үшін асыға күтетін айрықша мереке. Жаӊа жыл салтанатына дейінгі ай армандаумен және ғажайыпты күтумен өтеді. Барлық қалауларыӊыздыӊ орындалуына тілектеспін. Біздіӊ еліміздіӊ мақсаты - Мәӊгілік ел болу, әлемніӊ дамыған 30 елініӊ қатарына қосылу. Біз елімізді дамытып, оныӊ халықаралық аренадағы беделін көтеруге ұмтылуымыз керек. Аға буын, соныӊ ішінде сендердіӊ ата-аналарыӊ нақ сол үшін және Қазақстан жастарыныӊ игілігі үшін жұмыла еӊбек етуде. Біз туған елді, оныӊ астанасын, таулары мен сай-саласын, орманы мен даласын, өзендері мен көлдерін сүйеміз. Осыныӊ бәрі - біздіӊ Отанымыз, - деді Қазақстан Президенті, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев баршаға мықты денсаулық, оқу мен еӊбекте табыс, игілік және бақ-береке тіледі.

Мерекелік шоуға 2300-ден астам оқушы және қаланыӊ белгілі шығармашылық ұжымдары қатысты.

Рәсім арқылы бүкіл ел бойынша мерекелік шаралар басталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны