25.12.2012, 10:47 3674

Елбасы Жоғарғы Сот Төрағасы Бектас Бекназаровты қабылдады

Кездесуде сот жүйесінің ағымдағы жағдайы, сондай-ақ, оны әрі қарай жетілдіру мәселелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды. Мемлекет басшысы істерді әділетті қарауды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Астана. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот Төрағасы Бектас Бекназаровты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесуде сот жүйесінің ағымдағы жағдайы, сондай-ақ, оны әрі қарай жетілдіру мәселелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды.

Мемлекет басшысы істерді әділетті қарауды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

"Кейбір жағдайларда сотқа қайырылған азаматтар сөзбұйдалық фактілеріне кез болып жататын проблемалар бар. Сот ісі төменгі сот инстанциясынан жоғары тұрған сот органына беріледі және содан кейін қайтадан қарауға қайтарылса, азаматтар тарапынан орынды реніш туғызады. Осылайша, істі әділетті қарау тежеледі", - деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Б.Бекназаров Мемлекет басшысына сот істерін объективті және сапалы қарау, сондай-ақ, тұрғындар үшін сот әділдігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша, Қазақстан Президенті мемлекеттің сот жүйесін әрі қарай жетілдіру бойынша бірқатар нақты міндеттер жүктеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны