18.03.2011, 14:21 4005

Елбасы жұмыс сапарымен Ақтөбеге келді

Елбасы жұмыс сапарымен Ақтөбеге келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі BNews.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ақтөбе. 18 - наурыз. Kazakhstan Today - Елбасы жұмыс сапарымен Ақтөбеге келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі BNews.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елбасы күннің алғашқы жартысында екі нысанға бару жоспарланған.

Алдымен, Президент үдемелі индустриальды-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы шеңберінде "Ақтөбеқұрылысхиммонтаж" ЖШС салған полэтилен құбырларын өндіру зауытында болады.

Мемлекет басшысы жаңа өндірісті іске қосады деп жоспарлануда.

Зауыт тұрғын үй-коммунальдық шаруашылығы және мұнай газ саласына арналған диаметрі 20-дан 630 мм дейін жететін жоғары және орта қысымды полэтилен құбырларын шығаруға мамандандырылады.

Жұмыс сапары бағдарламасының келесі нысаны қаланың оңтүстік-батыс бөлігіндегі жаңа аудандағы ҚІІБ-ның зауыттық полиция бөлімшесінің жаңа ғимараты болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны