20.01.2012, 15:19 2988

Елбасының атына Николя Саркозиден Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуына байланысты құттықтау хат келіп түсті

Николя Саркози қазақстан-француз ынтымақтастығының барлық бағытындағы елеулі әлеуетті атап өтіп, Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі жоспарлардың табысты іске асатынына сенім білдірген.

Астана. 20-қаңтар. Kazakhstan Today - Елбасының атына Николя Саркозиден Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуына байланысты құттықтау хат келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Николя Саркози қазақстан-француз ынтымақтастығының барлық бағытындағы елеулі әлеуетті атап өтіп, Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі жоспарлардың табысты іске асатынына сенім білдірген.

"Мен соңғы жылдары біздің сенімді жағдайда өткен тұрақты кездесуіміз серіктестік аясында едәуір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік бергеніне қуаныштымын. Біздің кәсіпорындар белсенді жұмыс жүргізуде. Мен 2012 жылы жаңа биіктерді бағындыра аламыз деп сенемін. Сіздің қолайлы уақытта Астанаға тағы да сапармен келіп қайту туралы шақыруыңызды қанағаттанғандық сезіммен қабыл аламын", - делінген хатта.

Сонымен қатар, Франция Президенті 2013 жылы Францияның Қазақстандағы жылын, 2014 жылы Қазақстанның Франциядағы жылын өткізуді құптаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны