11.01.2024, 12:13 48706

Елдегі түрмелерде 40 мың бейнекамера орнатылды

Елдегі түрмелерде 40 мың бейнекамера орнатылды
Сурет: polisia.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі пенитенциарлық мекемелер мен қызметтік кабинеттерде, сондай-ақ құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелерінде үздіксіз жүргізілетін бейнебақылау жүйесін енгізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейнебақылау жүйесі азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мен қызметкерлердің іс-әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз ету құралы болып табылады. Өткен жылдың желтоқсан айында барлық полиция бөлімдері мен пенитенциарлық мекемелерде бейнебақылау жүйесін енгізу жұмысы аяқталды.

Қызметтік кабинеттерде, дәліздерде және баспалдақ алаңдарында, сондай-ақ полиция ғимараттарының периметрі бойынша 29 мыңға жуық бейнекамера, 78 пенитенциарлық мекемеде 40 мыңдай бейнекамера орнатылды. Ондағы бейнелер жедел басқару орталықтарына, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ахуалдық орталығына және прокуратура органдарына шығарылған.

Ақылды жүйенің көмегімен түрмелер мен түзеу мекемелерінде қашып кетпек болудың үш фактісі анықталды, 23 суицидке жол берілмеді, топтық төбелес пен жаппай тәртіпсіздікке айналуы мүмкін тоғыз жанжал тоқтатылды. Жалпы 2023 жылы 15 мыңнан астам бұзушылық анықталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны