08.01.2018, 13:56 4087

Электрондық еӊбек биржасына интернет-алаӊдары мен жеке жұмыспен қамту агенттіктері қосылуда

Халықты жұмыспен қамту орталықтары жаӊа бизнес-процесс бойынша жеке жұмыспен қамту агенттіктері мен жұмыс берушілерден www.enbek.kz порталы арқылы келген үміткерлерді іріктейтін болады.

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today -Электрондық еӊбек биржасына интернет-алаӊдары мен жеке жұмыспен қамту агенттіктері қосылуда.

Бүгінгі таӊда электрондық еӊбек биржасына 4 интернет-алаӊдары: hipo.kz, market.kz, rabota.nur.kz және zarplata.kz қосылды. Аталған интернет-алаӊдарында орналасқан бос жұмыс орындарын www.enbek.kz адресі арқылы Электрондық еӊбек биржасынан да іздеуге болады. Бос жұмыс орны туралы толық ақпаратты қарау үшін негізгі сайтқа кіреді.

Сонымен қатар, жұмыс іздеу мен қызметкерлерді іріктеуде дәнекерлеу қызметтерін жүзеге асыру мақсатында Астана, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарынан 27 жеке жұмыспен қамту агенттіктері порталда жеке кабинеттерін тіркеп, Электрондық еӊбек биржасын қолдануда.

Бұған дейін хабарланғандай, Электрондық еӊбек биржасы 2017 жылдыӊ қазан айынан бастап Астана, Алматы, Павлодар және Шымкент қалаларыныӊ халықты жұмыспен қамту орталықтарында пилоттық тәртіпте жұмыс істеді. 2018 жылдыӊ қаӊтар айынан бастап бүкіл Қазақстан бойынша іске қосу жүзеге асырылды. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жаӊа бизнес-процесс бойынша жеке жұмыспен қамту агенттіктері мен жұмыс берушілерден www.enbek.kz порталы арқылы келген үміткерлерді іріктейтін болады.

Жұмыс берушілердіӊ бос жұмыс орындарын тіркеу үшін жан-жақты тәртіп енгізілген, яғни бос жұмыс орындарын халықты жұмыспен қамту орталықтарына міндетті түрде бармай-ақ ұсынуға болады. Жұмыс беруші өзініӊ бос жұмыс орны туралы ақпаратты Электрондық еӊбек биржасындағы жеке кабинеті арқылы бере алады. Бұл халықты жұмыспен қамту орталықтарына жұмыс берушілердіӊ бос жұмыс орындары туралы мәліметті ұсыну туралы міндетті заӊнама қағидаттарыныӊ іске асырылуын жеӊілдетеді.

Электрондық еӊбек биржасына тіркелу үшін портал қызметін толық пайдалану мақсатында электрондық адресті, орналастырылатын мәліметтердіӊ дұрыстығын бекіту және растау үшін электрондық цифрлық қолтаӊбаны көрсету жеткілікті.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарыныӊ жұмыс берушілермен өзара қызметтері белсенді және нақты байланысқа өтеді. Тәжірибеде жұмыс берушілердіӊ талаптарына бағытталған әрекеттер жүзеге асырылатын болады. Жұмыс берушілердіӊ талаптарына сай келетін жұмыс іздеуші HR-қызметтері секілді біліктіліктері бойынша іріктелетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны