19.11.2012, 14:05 3531

Елімізде жасалатын қылмыстың 70 пайызы ұрлықпен байланысты

Министрдің айтуынша, биылғы жылы ұрлыққа қатысты көрсеткіш 59 пайызға өсіп отыр. Оның ішінде әрбір төртінші ұрлық пен әрбір екінші тонау қылмысы ұялы телефонға қатысты орын алған.

Астана. 19-қараша. Kazakhstan Today - Елімізде жасалатын қылмыстың 70 пайызы ұрлықпен байланысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында баяндама жасаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

Министрдің айтуынша, биылғы жылы ұрлыққа қатысты көрсеткіш 59 пайызға өсіп отыр. Оның ішінде әрбір төртінші ұрлық пен әрбір екінші тонау қылмысы ұялы телефонға қатысты орын алған.

"Дегенмен елімізде жасалатын аса ауыр қылмыстар көрсеткіші біршама азайып келеді. Мәселен, осындай ерекше ауыр қылмыстар көрсеткіші 18 пайызға төмендесе, оның ішінде кісі өлтіру 10 пайызға, денсаулыққа аса ірі жарақат салу 3 пайызға, қарақшылық шабуыл 4 пайызға кеміді",-деді Қ. Қасымов.

Министрдің сөзіне қарағанда, тергеу жұмыстарына сотқа дейінгі өндірістің жеңілдетілген түрі енгізілген. Осыған орай бұндай форма бойынша сотқа 13 мыңнан астам қылмыстық іс жолданса, оның ішінде 445-і - аса ауыр қылмыстар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны