10.06.2009, 18:10 3214

Eni концернінің президенті мемлекет басшысына Қазақстандағы концерн қызметінің нәтижелері мен жоспарлары туралы әңгімелеп берді

Eni концернінің президенті мемлекет басшысына Қазақстандағы концерн қызметінің нәтижелері мен жоспарлары туралы әңгімелеп берді

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Eni концернінің президенті Паоло Скарониді қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

П.Скарони Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстандағы концерн қызметінің нәтижелері мен жоспарлары туралы хабардар етті. Атап айтқанда әңгіме Қарашығанақ және Қашаған жобалары туралы болды.

Концерн басшысы компанияның Қазақстан экономикасына одан әрі инвестиция тартуды жоспарлайтынын атап өтті.

2008 жылдың аяғында Eni компаниясының жұмсаған инвестициясының көлемі тек Солтүстік Каспий жобасының өзінде ғана 21,8 млрд долларды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны