19.02.2007, 18:08 3466

Еркіндік пен либерализм адамның заң алдындағы жауапкершілігімен теңбе-тең болуға тиіс - президент

АСТАНА. 19-ақпан. Kazakhstan Today. Еркіндік пен либерализм адамның заң алдындағы жауапкершілігімен теңбе-тең болуға тиіс, деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

"Біз либерализм дегенді биліктің әлсіздігі деп жалаң түсінеміз. Ал еркіндік пен либерализм адамның заң алдындағы жауапкершілігімен теңбе-тең болуға тиіс",- деп мәлімдеді мемлекет басшысы бүгін Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

"ТМД аясында бізбен көршілес елдерде таяуда болған оқиғалар текетірес үстемдік құрған елдерде демократияның бола алмайтынын көрсетіп берді",- деді Н.Назарбаев. "Түрлі-түсті төңкерістердің" нәтижесінде адамдардың сенімі алданып, дағдарыс белең алды",- деді ол.

"Қуатты билік пен демократия бір-біріне әсте антиподтар емес",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны