19.06.2007, 17:08 3278

"Есеп комитеті туралы" заң жобасы әзірленуде

АСТАНА. 19 - маусым. Kazakhstan Today. "Есеп комитеті туралы" заң жобасы әзірленуде. Бұл туралы бүгін парламент палаталарының біріккен отырысында сөз сөйлеген республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазіргі уақытта "Есеп комитеті туралы" заң жобасы әзірленуде",- деді Омархан Өксікбаев. Ол сондай-ақ, "жобада Есеп комитетіне парламент депутаттарына республикалық бюджеттің орындалуына, бюджет трансферттерінің жергілікті жерлерде пайдаланылуы мен мемлекет активтерін басқару тиімділігіне қатысты тәуелсіз және объективті қорытындысы беруге мүмкіндік беретін құқықтық нормалар қамтылған", деп атап өтті.

Оның айтуынша, Есеп комиетті "тексеру сапасын одан әрі көтеру мәселелерін пысықтауда". Атап айтқанда, "жеке сектор ревизорларының біліктілік деңгейін көтеру әдістерін қолдану және икемдеу, яғни іріктеудің қатаң процедурасын енгізу, аттестация мен сертификатату жоспарлануда". Сондай-ақ "білікті кәсіби дайындалған мамандарды тартуға мүмкіндік беру үшін мемлекеттік ревизордың еңбек ақысын өсіру, оның мәртебесін көтеру" ұсынылған.

"Жалпы, Есеп комиетінің іс-қызметін ұйымдастыруды жоғарғы қаржылық бақылу органдарының қойып отырған халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келтіруге қатысты жүйелі жұмыс жүргізілуге тиіс, атап айтқанда, Есеп комитетіне қажетті өкілеттілікті беріп, парламентпен нақты өзара ықпалдастық орнату",- деп атап өтті төраға.

Естеріңізге сала кетейік, маусымның басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Есеп комитетінің парламентпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынастарының қағидалары, сонымен қатар аталмыш орган жұмысының тиімділігін арттыру шарттары қарастырылуға тиіс "Есеп комитеті туралы" заң жобасын дайындауға пәрмен берген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны