04.10.2011, 15:48 3688

Еуроодақ Қазақстанды Каспий маңы газ құбыры жобасына қосылуға шақырды

"ЕО үшін құбыр Оңтүстік дәлізін дамытуға өте маңызды қадам болмақ. Инфрақұрылымдық жобаны қолдауға ЕО бірінші болып халықаралық келісім-шарт бекітуді ұсынғанын көпшілік біле бермейді. Біз Қазақстанның алдағы Оңтүстік дәлізге қатысуын қолдайтын боламыз", - деді Г.Оттингер.

Астана. 4-қазан. Kazakhstan Today - Еуроодақ Қазақстанды Каспий маңы газ құбыры жобасына қосылуға шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында VI KAZENERGI Еуразиялық форумы барысында Еуропалық одақтың энергетика жөніндегі комиссары Гюнтер Оттингер мәлім етті, деп хабарланды ҚР премьер-министрінің ресми сайтында.

"ЕО үшін құбыр Оңтүстік дәлізін дамытуға өте маңызды қадам болмақ. Инфрақұрылымдық жобаны қолдауға ЕО бірінші болып халықаралық келісім-шарт бекітуді ұсынғанын көпшілік біле бермейді. Біз Қазақстанның алдағы Оңтүстік дәлізге қатысуын қолдайтын боламыз", - деді Г.Оттингер.

"Біз жаңа жеткізушілердің еуропалық нарығына енуге мүмкіндіктер беру үшін нарықтарымызды біріктіретін транзиттік мүмкіндіктерді, инвестицияларды қолдаймыз.Біз оңтүстік дәліз іс жүзінде жұмыс істеуі үшін тырысамыз. Біздің ойымызша, әлемде бағалары жақсы және тұтынушылары үздік тұрақты нарықтар құру өте маңызды", - деп атап өтті ЕО комиссары.

Бұл ретте ол жаңа газ құбыры "Каспийдің шығыс жағалауынан экспорттық жеткізілімдерді дамытуға жаңа мүмкіндіктер" береді деп атап көрсетті.

Теңіз (Қазақстан) - Түрікменбаши (Түрікменстан) - Баку (Изірбайжан) - Тбилиси (Грузия) - Эрзурум (Түркия) бағыты бойынша жыл сайын 20-30 млрд текше метр газды тасымалдау жоспарлануда. Жоба құны 7,9 млрд евроға бағаланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны