17.12.2012, 16:37 12472

EXPO-2017: Қазақстанның инновациялық дамуының жаңа мүмкіндіктері

Қазақстан соңғы жылдары орнықты өсу үшін ноу-хау секторын дамытудың маңыздылығын түсіне отырып, ұлттық экономиканың сенімді және ұзармерзімдік дамуына жағдай жасауда, мүмкіндіктер қалыптастыруда.

оАстана. 17-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанның "EXPO-2017" дүниежүзілік көрмесін өткізу құқығына ие болуы Қазақстанды әлем елдеріне танытудың жаңа к
езеңі ғана емес, инновациялық дамудағы қуатты серпінге негіз болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"ЭКСПО көрмесі - жаһандық ауқымдағы оқиға. Ол маңыздылығы жағынан ірі экономикалық форумдармен, туристік тартымдылығы бойынша әлемдегі ең танымал спорттық ойындармен салыстыруға болады. Көрме біздің елімізге ірі инвестиция тартуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы Қазақстан "жасыл экономиканы" дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновация алады" - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде.

Қазақстан соңғы жылдары орнықты өсу үшін ноу-хау секторын дамытудың маңыздылығын түсіне отырып, ұлттық экономиканың сенімді және ұзармерзімдік дамуына жағдай жасауда, мүмкіндіктер қалыптастыруда.

Ұлттық инновациялық қордың мұрагері Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік бүгінге инновациялар енгізу саласындағы жобаларды қолдаудың түрлі тетіктерін ұсынуда.

Технологиялық инновациялық бизнеске қаржы салып отырған қазақстандық және шетелдік капиталдарына ие венчурлық инвестициялық институттар құруға атсалысу мүмкіндігі қарастырылуда.

Осылайша, отандық инноваторлар алдыңғы қатарлы батыс технологияларына қол жеткізіп, оларды Қазақстанға трансферттемек.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік 2012 жылдың басында ғана бұрынғы жетекші инновациялық құрылымның мұрагері атанғанын ескерсек, әзірге Израиль, Германия, Малайзия, АҚШ және Ресей елдерінің бірқатар верчурлық қорларымен ғана байланыс орнатылғанын айта аламыз.

Агенттіктің ірі венчурлық жобаларға инвестор болуы отандық инноваторлардың осынау тәуекелі мол, бірақ табысты нарықтағы белсенділіктерін арттыруға деген ниеттерін паш етеді. Егер қолдау тетіктері туралы айтар болсақ, бүгінгі таңда екі негізгі ұсыныс бар - технологиялық бизнес-инкубациялау және инновациялық гранттар беру.

Бірінші тетік - индустриялық-инновациялық субъектілерге бастапқы кезеңде 8 өңірлік технопарк тарапынан жаппай қолдау көрсетуді қарастырады.

Ал екінші тетік - 9 бағыт бойынша (агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау, кен өндіру өнеркәсібі, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдарын және басқа металл емес минералдық өнімдерді өндіру, көлік және қойма, ақпарат және байланыс, химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп, өнеркәсіптің басқа салалары) инновациялық жобаларды тең қаржыландыруға мемлекеттің атсалысуы.

2012 жылы мемлекет инновациялық гранттарға 3,5 млрд. теңге бөлді. Бірлескен жұмыстың негізгі ерекшеліктерінің бірі сол, мемлекет инновациялық гранттың орта есеппен 57% қаржыландырады, ал жобаның 43% өтініш беруші тараптың есебінен болады.

Мемлекет әсіресе инновациялық жобаларды патенттеу және коммерцияландыру процестерін белсендірек қаржыландыруға дайын. Сондай-ақ, қаржы қалдықтарын келесі қаржы жылына ауыстыру және өтініштерді үздіксіз қабылдау режимі, өтініш берушілердің құжат тізімдерін және құжаттарды қарау мерзімдерін қысқарту сияқты жаңалықтар енгізіліп отыр.

Осы және басқа шаралар мемлекет пен инноваторлардың өзара қарым-қатынастарын оңтайландыру және жаңа инновациялық жобалар мен ұсыныстарды іске асыру үшін қосымша ынталандыру шараларын жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның ресурстары да, мүмкіндіктері де, оның ішінде қаржылай мүмкіндіктері де бар, оған танымал қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышевтың ресейлік Fastlane Ventures провайдерінің онлайн-стартаптарына $13 млн. доллар инвестициялау туралы шешімі туралы соңғы хабар дәлел.

Мәлім етілгендей, инвестициялар Fastlane Ventures компаниясының ресейлік интернет-нарықтағы ұстанымын нығайтуға, жаңа онлайн-бизнестерді іске қосуға, Fastlane Ventures портфель компанияларын ынталандыруға жұмсалады, сондай-ақ іріктелген бизнес-модельдерді ағымдағы нарықтық жағдайларда сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Кеңес Рақышев "ВТБ Капитал", Direct Group and e.ventures. сияқты стратегиялық әріптестермен бірге Fastlane Ventures директорлар кеңесінің құрамына кіреді.

"Интернет қазір - ресейлік сектордың ең перспективалық секторының бірі, ал Fastlane Ventures - онлайн-индустрияның жетекші ойыншысы. Компания командасы саланың танымал сарапшыларынан тұрады. Fastlane Ventures қолындағы бар мүмкіндік мен идеяларды табысты онлайн-бизнестерге айналдыра алатындығына сенімдімін", - деді Кеңес Рақышев өз шешімі туралы.

Қалай болғанда да, бұл Қазақстанның миллиондаған инвестициялар тарту үшін верчурлық және интернет-жобалар нарығында әлі де әлсіз ойыншы екенін көрсетеді. Бірақ айта кету керек, әлеуетті инвесторлар тарапынан жеткілікті еркін қаржылай ресурсқа ие екені анық.

Жаңа бағыттардың бірі "жасыл инновацияларға" ұстанған бағыт болып табылады. Жоғары деңгейде мемлекеттік биліктің қолдауын алғаннан кейін әлеуетті перспективалық тренд, Елбасының мәлім етуінше және EXPO-2017 көрмесін өткізу тақырыбында осы бағыттың пайда болуына байланысты, отандық инновациялық жобалар пакетін жасақтауда негізгі секторға айналады.

Аталған бағыттағы инновациялық ұсыныстар алдағы жылдары мемлекеттік деңгейде сұранысқа және қолдауға ие болады деп пайымдауға болады.

"Болашақтың энергиясына" көшуге мүдделілік идеясын елдің өзі көрсете білуі тиіс. Үкімет біздің елімізде бұл бағыттың тиісті деңгейде дамуы мәселелерімен жұмыс істеуі керек. Алдағы бес жыл ішінде Қазақстан таза энергия түрлерінің әзірлемелері мен енгізілуі саласында инновациялық серпіліс жасауы қажет. Сондықтан болашақ энергиясын дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған тиісті кешенді жоспарын қабылдау жайын анықтап алуды тапсырамын. Ол жоспар барлық өңірді, ұлттық холдингтерді, зерттеу институттары мен әлеуетті отандық және шетелдік инвесторларды қамтуы тиіс. Бағдарламалық барлық құжаттарды үйлестіру керек, - деп тапсырды Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны