05.06.2014, 19:42 2900

Халықаралық сенбілікке 130 мыңға жуық адам қатысты

Бүгін Беларусь, Қазақстан және Ресей елдері аумақтарында Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орай халықаралық экологиялық сенбілік өткізілді.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Беларусь, Қазақстан және Ресей елдері аумақтарында Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орай халықаралық экологиялық сенбілік өткізілді.

Қазақстан өңірлерінде сенбілікке 130 мыңға жуық адам қатысты. Олардың қатарында орталық және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ, ЖОО студенттері еңбек етті, деп қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде хабарлады.

Астанада экологиялық акцияға 600-ден астам адам қатысты. Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің, "Астана орманы" және "Полигон" ЖШС, сондай-ақ, "Жас Отан" жастар қанатының өкілдері мен студенттер қалалық қалдықтар полигонына іргелес орман аумағын қоқыстан тазартуға атсалысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны