06.09.2023, 16:49 46126

Хорватия Қазақстанмен өзара іс қимылды дамытуға мүдделі

Хорватия тарапының саяси және сауда-экономикалық байланыстарды жандандыруға және туристік алмасуларды кеңейтуге деген ұмтылысын растады
Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Ақылбек Камалдинов Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич Радманмен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Тараптар екіжақты қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ 2022 жылдың желтоқсанында өткен Қазақстан мен Хорватия СІМ басшыларының келіссөздері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады. Сауда-экономикалық, энергетикалық, көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге, визалық режимді либерализациялау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу барысында БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы екі елдің өзара іс-қимылы жөнінде пікір алмасты. Екі елдің СІМ ведомствоаралық, өңіраралық және іскерлік байланыстарды дамытуға жәрдемдесу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Әңгімелесу барысында Елші Хорватияның Сыртқы саяси ведомствосының басшысын, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер тұрғысынан, ҚР дамуының ағымдағы басымдықтары туралы хабардар етті. Осыған байланысты жақын арада экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Комиссияның отырысын өткізуге мүдделілік атап өтілді.

Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Г. Грлич Радман Қазақстан-Хорват ынтымақтастығының әлеуетіне жоғары баға берді. Хорватия тарапының саяси және сауда-экономикалық байланыстарды жандандыруға және туристік алмасуларды кеңейтуге деген ұмтылысын растады.

Екіжақты ынтымақтастықты дамыту және тереңдету мақсатында одан әрі тиімді жұмыс жасауға өзара дайындық білдірілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны