16.07.2007, 14:45 1208

ІІМ тізгіні оң жақтағы көліктерді тозығы жеткенше мінуге мүмкіндік бар деп санайды

АСТАНА. 16-шілде. Kazakhstan Today. ІІМ тізгіні оң жақтағы көліктерді тозығы жеткенше мінуге мүмкіндік бар деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"ІІМ бұрын елімізге енгізілген тізгіні оң жақта орналасқан көліктерді әбден тозығы жеткенше міну мүмкіндігі туралы шешім қабылдады. Қазір тиісті заң жобасынан осы жөніндегі норманы алып тастауды қарастыру жөнінде бастама көтерілуде", - деп хабарлады бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ ақпарат және бұқарамен байланыс орталығының басшысы Бағдат Қожахметов.

Оның түсініктемесіне сәйкес, елімізге тізгіні оң жақтағы көліктерді енгізуге тыйым салынғаннан кейін "осындай көліктердің жол қозғалысы қауіпсіздігіне тигізетін кері әсерін тоқтатуға мүмкіндік туды". Атап айтсақ, ІІМ-нің мәліметінше, өткен жылғымен салыстырғанда тізгіні оң жақта орналасқан көліктердің иелерінің кінәсінен болатын жол апаттарының өсу қарқыны азайды. "Бұл қарқын бүкіл еліміз бойынша ондаған есе азайды", - деді Б. Қожахметов.

ІІМ-нің мәліметінше, қазір Қазақстанда тізгіні оң жақта орналасқан 160 мыңдай автокөлік бар, бұл жалпы автопарктің 7%-іне, ал тізгіні оң жақта орналасқан көлік иелерінің қатысуымен болған жол апаттарының үлесі шамамен 6%-ке тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны