24.04.2007, 18:48 3489

ІІМ жедел-тергеу бөлімшелері қызметкерлерінің жалақысын 60 пайызға дейін көтермек

АСТАНА. 24 - сәуір. Kazakhstan Today. Ішкі істер министрлігі үкіметке жедел-тергеу бөлімшелері қызметкерлерінің жалақысын 60 пайызға дейін көтеру туралы ұсыныс енгізді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Астана қаласының ішкі істер департаменті мен көліктегі орталық ішкі істер департаментінің тергеу және анықтау бөлімшелері қызметкерлерінің вице-министр Алик Шпекбаевтің қатысуымен өткен кеңесінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, кеңес барысында тергеу және анықтау бөлімшелері жұмысшыларының кәсіби деңгейін нығайту қажеттігі айтылған. "Ирбір оныншы қызметкердің жұмыс тәжірибесі үш жылға жетпейді, мұның басты себебі - мәртебе мен жалақының төмендігі",- деп атап өтті полицейлер.

Баспасөз қызметіндегілер сондай-ақ, әкімшілік реформа аясында министрлік тарапынан "Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі айқын қылмыстарға қатысты қылмыстық істерді тергеу тәртібін оңайлату туралы" және "Алдын-ала тергеу органдары мен тергеушілердің мәртебесі туралы" заң жобалары дайындалып жатқандығын хабарлады. Полицейлердің пікірінше, бұл заң жобалары тергеушілерге жүктелген жүкті жеңілдетіп, олардың күшін ауыр және өте ауыр қылмыстарды тергеуге жұмсауға мүмкіндік береді, сонымен қатар тергеушілердің құқықтық мәртебесі мен оның әлеуметтік тұрғыдан қорғалуын көтереді.

"Кеңесте тергеу практикасының әртүрлі құқықтық мәселелері көтеріліп, қолданыстағы заңнамаларға түсініктемелер берілді, сондай-ақ прокуратура, сот, әділет және сараптама мекемелерімен өзара ықпалдастықты нығайту механизмі қарастырылды",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны