12.03.2010, 18:01 5060

Ілеспе газ - Қазақстанның меншігі - Назарбаев

Ілеспе газ - Қазақстанның меншігі - Назарбаев

Астана. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ілеспе газды мемлекеттік меншікке беру жөнінде жұмыстар жүргізуге тапсырма берді. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстанның 2014 жылға дейінгі серпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының мәселелері бойынша облыстар, Алматы және Астана қаласы әкімдерімен өткізген кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ілеспе газ - Қазақстанның меншігі, министрліктердің мақсаты - осыған қол жеткізу", - деді Н. Назарбаев. "Қандай келісім-шарттарында да, Өзара өнім бөлісу туралы келісімдерде де, еш жерде ілеспе газ туралы айтылмаған. Кейбір елдер оған қол жеткізген көрінеді, біз де осындай жұмыстарды жүргізуіміз қажет", - деп тапсырма берді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны