19.01.2017, 18:22 7322

Иманғали Тасмағамбетов 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада дайындығыныӊ қорытындыларын шығарды

Бүгін, 19 қаӊтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтіӊ төралағылығымен Алматы қаласында өтетін 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық барысы жөнінде кеӊес өтті

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін, 19 қаӊтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтіӊ төралағылығымен Алматы қаласында өтетін 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық барысы жөнінде кеӊес өтті,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары хатшылығы.

Қазақстан Республикасыныӊ спортшылары алғаш рет Универсиада бағдарламасына енген спорттыӊ барлық түрі бойынша сайысқа түседі.

Сонымен қатар, Қазақстан тарапынан қатысатын 250 спортшыныӊ тізімі жинақталып, келісілді. Олардыӊ барлығы жинақталып, сайысқа әзір тұр.

"Біз 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық барысы жөнінде мәселені, оныӊ ішінде студенттік командалардыӊ оқу-жаттығу жиынын өткізу қорытындысын, FISU конференциясын ұйымдастыру және ұлттық құрама команданы парадтық спорт киімдерімен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырамыз".

Универсиадаға даярлық аясында 12 қысқы спорт түрінен 26 оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды және өткізілді. Оныӊ ішінде керлинг, шайбалы хоккей, коньки тебу спорты, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, биатлон, шаӊғы жарысы, шаӊнымен трамплиннен секіру, тау шаӊғысы, фристайл (акробатика), сноуборд және шаӊғы қос сайысы бар. Оған 32 жоғары оқу орны мен 5 колледжден 137 спортшы қатысты.

Сондай-ақ, 2-5 ақпан күндері "Университеттік спорт: қоғамныӊ денсаулығы мен болашағы" тақырыбында Универсиада бағдарламасыныӊ ресми бөлігі саналатын FISU қысқы конференциясы өтеді. Шараға әлемніӊ 30 елінен ұлттық студенттік федерациялардыӊ президенттері, ЖОО-ныӊ ректорлары, әлемдік қауымдастықтағы жетекші ғалымдар мен мамандар қатысады деп күтілуде.

Айта кетейік, Универсиаданыӊ басты міндеті - университтерде спортты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны