01.02.2017, 15:31 5107

Иманғали Тасмағамбетов Алаш зиялыларыныӊ шығармашылық мұраларын жандандыру бойынша кеӊес өткізді

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтыӊ төрағалығымен Алашорда қозғалысыныӊ құрылғанына 100 жыл толуына орай Алаш зиялыларыныӊ шығармашылық мұраларын зерделеу және оны жандандыру мәселелері бойынша кеӊес өтті.

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтыӊ төрағалығымен Алашорда қозғалысыныӊ құрылғанына 100 жыл толуына орай Алаш зиялыларыныӊ шығармашылық мұраларын зерделеу және оны жандандыру мәселелері бойынша кеӊес өтті.

Бұл ретте, Алаш қозғалысыныӊ тәуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маӊызын, оныӊ көшбасшыларыныӊ саяси-құқықтық, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын, тұжырымдарын жаӊа заманныӊ талаптарына сай зерделеу өте маӊызды.

"ХХ ғасырдыӊ басында ұлттыӊ зиялылары азаттық үшін болған көп ғасырлық күресте маӊызды рөл атқарды. "Алаш" алғашқы саяси партиясы және Алаш Орда үкіметініӊ пайда болуы азаматтық кемелденген және халықтыӊ болашақ тағдырын шеше алатын қазақтыӊ саяси зиялыларыныӊ жоғарғы әлеуетін көрсетті", - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетов.

Бұл орайда, вице-премьер еліміздегі Алаштанушы тарихшылар мен әдебиетшілер, отандық кино және телевизия саласыныӊ мамандарымен бірлесе отырып, тыӊ бастамаларды - кітап шығару, кино түсіру мәселесін қолға алу қажеттігіне тоқталды.

"Алаштыӊ 100 жылдығына дұрыстап дайындалуымыз керек. Қазір еӊ бастысы, жақсы жоспар құруымыз қажет. Оған бір-екі аптадай уақыт алып, дұрыс жоспар құрып, оны Елбасымен келісіп, уақытын белгілеген жөн. Алаштыӊ 100 жылдығы сол заманмен қалып қоймай, бүгінгі тәуелсіз мемлекетпен байланыстыру орынды болады. Алаш зиялыларыныӊ арманы, оныӊ орындалғаны, тәуелсіз ел болғанымыз, осыныӊ барлығы ұлттық және тарихи сананы көтеретін жақсы дүние болуы керек", - деді вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов.

Сонымен қатар, кеӊес барысында Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйін мемлекеттік меншікке беріп, оныӊ мәртебесін республикалық деӊгейге көтеру, ғалымныӊ ғылыми еӊбектерініӊ 10 томдығын жарыққа шығару мәселесі қаралды.

Иманғали Тасмағамбетов ақын А. Байтұрсынов және "Алаш" қозғалысы жөнінде деректі фильм түсіру мәселесін жедел түрде қолға алу қажеттігін атады.

Кеӊес қорытындысы бойынша вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов ҚР Мәдениет және спорт министріне Алаш Орда үкіметініӊ құрылуы мен қалыптасуына атсалысқан ұлт зиялыларыныӊ өмірбаянын зерттеп, олар жөнінде көркем өмірбаяндық кітап шығаруды және Ахмет Байтұрсынов ғылыми еӊбектерініӊ 10 томдығын басып шығаруды тапсырды.

Алдағы уақытта Ахмет Байтұрсынұлыныӊ музей үйініӊ ғимараты республикалық маӊызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерініӊ мемлекеттік тізіміне енгізілетін болады.

ҚР Білім және ғылым министрінемузей-үйді мемлекеттік меншікке алу және оны А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты жанынан А. Байтұрсынұлы музей-үйі - ғылыми орталығы ретінде құру тапсырылды.

Еске сала кетейік, өткен аптада ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласына іс-сапар аясында Ахмет Байтұрсынұлы мұражай үйінде болып, оныӊ жұмысымен танысқан еді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны