23.10.2018, 17:42 4834

Иран Ислам Республикасы Гүлстан провинциясыныӊ губернаторы Манаф Хашеми бастаған ирандық делегеция Маӊғыстауға келді

Ирандық делегация Ақшұқыр ауылындағы балық зауытында болып, Құрық портын аралап, стратегиялық маӊызы зор нысанныӊ мүмкіндігімен танысты. Құрық порты -еліміз үшін ғана емес, көптеген елдер үшін де транскаспий халықаралық дәлізініӊ және көлік-логистикалық жүйесініӊ еӊ негізгі нүктесі.

Ақтау. 23 қазан. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысымен бауырластық қарым-қатынас орнатқан Иран Ислам Республикасы Гүлстан провинциясыныӊ губернаторы Манаф Хашеми бастаған ирандық делегеция өӊірге келді. Делегация құрамындамемлекеттік орган басшылары, туризм, медицина, сауда-өнеркәсіп палатасыныӊ қызметкерлері де бар.

Ағымдағы жылдыӊ бірінші жартыжылдығыныӊ қорытындысы бойынша Маӊғыстау облысы мен Иран арасындағы жалпы тауарайналымы 27,2 млн.АҚШ долларын, оныӊ ішінде экспорт - 4 млн. АҚШ долл., импорт - 23,2 млн.АҚШ долларын құрап отыр. Маӊғыстау өӊірі Иранға: 4 млн. АҚШ доллар көлемінде астық пен жармалар, темекі бұйымдары, құрылыс материалдары, болат және басқа да тауарларды экспорттайды. Ираннан Маӊғыстау облысына: көкөністер, жеміс-жидектер, ағаштар, спорттық құрал-саймандар, жиһаздар және басқа да тауарлар импортталады.

Ирандық делегация Ақшұқыр ауылындағы балық зауытында болып, Құрық портын аралап, стратегиялық маӊызы зор нысанныӊ мүмкіндігімен танысты. Құрық порты -еліміз үшін ғана емес, көптеген елдер үшін де транскаспий халықаралық дәлізініӊ және көлік-логистикалық жүйесініӊ еӊ негізгі нүктесі.

Маӊғыстау облысы мен Гулстан провинциясы арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мақсатында бизнес-форум өтті. Онда Маӊғыстау облысыныӊ әкімдігі мен Гүлстан провинциясы арасында, сондай-ақ "Атамекен" Өӊірлік кәсіпкерлер палатасы мен Гүлстан облысыныӊ Сауда-өнеркәсіптік палатасы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойылды.

Өӊір басшысы Ералы Тоғжанов өз сөзінде: "Елбасы Н.И.Назарбав экономиканы әртараптандыру, шикізаттық емес секторға тікелей инвестициялар тарту міндетін тікелей жүктеді. Арнайы экономикалық аймақтар экономиканы әртараптандырудыӊ тиімді және пәрменді құралы болып табылады. Бүгінгі "Ақтау теӊіз порты"арнайы экономикалық аймағында 500 млн. АҚШ доллар сомасында 27 инвестициялық жоба іске асырылуда. Біздіӊ өӊірдіӊ климаттық жағдайы, электр энергиясыныӊ қосымша ресурсы үшін күн және жел электр станцияларын салуға мүмкіндік береді. Сондықтан баламалы энергия көздерін дамыту маӊызды сектор. Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция салу үшін, атап айтқанда жылыжай шаруашылықтарын дамытуда мол мүмкіндіктер бар. Маӊғыстау өӊірініӊ географиялық жағынан қолайлы орналасуы, бай тарихи мұрасы, көрікті жерлері, теӊіз айдыны, ұзақ жағажай маусымы - туристік ағынды молайтып екі ел туризмініӊ дамуына мүмкіндік мол" деді. Шара барысында екі елдіӊ кәсіпкер өкілі және басқа да мекемелердіӊ мамандары келіссөздер жүргізді. Теміржол, әуе және автокөлік қатынастары бойынша өзара іс-қимылдарды жолға қою, Маӊғыстау мен Гүлстанда өзара сауда үйлерін ашу, Инчебұрын т/ж бекеті аумағында элеватор салу, Инчебұрын азат экономикалық аймағын ашу, сондай-ақ Гүлстанға астықты уақытша кіргізіп өӊдеп, үшінші елге сату, дәнді дақылдар, соныӊ ішінде күріш егу мәселелері қаралып, білім, медицина және туризм салаларындағы ынтымақтастықтыӊ жай-күйі талқыланды. Сондай-ақ, егін, мал және құс шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, инженерлік-техникалық қызметтер, құрылыс өнеркәсібі, бидай, өсімдік майларын өндіру-сату, техника, ағаш өнеркәсібі, буып-түю өнеркәсібі, кен, фармацевтика, химиялық заттар, табиғат туризмі мен емдік туризм саласы талқыланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны