20.12.2012, 14:12 3005

Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар қалдықтарға салықтың көбейтілуінен босатылуы мүмкін

Энергия үнемдеу жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру шеңберінде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар қалдықтарға салықтың көбейтілуінен босатылуы мүмкін, деп хабарлады бүгін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау Қазақ-Герман энергия тиімділігі орталығының тұсаукесерінде сөйлеген сөзінде.

Астана. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар қалдықтарға салықтың көбейтілуінен босатылуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Энергия үнемдеу жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру шеңберінде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар қалдықтарға салықтың көбейтілуінен босатылуы мүмкін, деп хабарлады бүгін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау Қазақ-Герман энергия тиімділігі орталығының тұсаукесерінде сөйлеген сөзінде.

"Ірі кәсіпорындар үшін біз кәсіпорын, Министрлік және әкімдік арасындағы үш жақты келісім жасай аламыз, бұл аталған жоспардың орындалу уақытында сіздерге қалдыққа артық салық салынбауы үшін керек",- деді А.Рау.

Бұл шара Энергия үнемдеу жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру барысында кәсіпорындарды ынталандыратын болады. 15 ірі кәсіпорынмен жұмыс жеке тәртіппен жүргізілетін болады.

ИЖТМ мәліметтері бойынша, 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 1500 шартты тонна отын пайдаланатын барлық кәсіпорындар, оның ішінде бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік кәсіпорындар да реестрге енгізілуі тиіс. Одан ары кәсіпорындарда міндетті түрде энергиялық аудит жүргізіліп, оның негізінде белгілі бір уақыт ішіндегі энергия үнемдеудің кешенді жоспары жасалады.

Аталған жұмыс энергия тұтыну үлесін азайтып, энергия үнемдеу есебінен экономиканы ынталандыру мақсатында жасалуда. Бүгінгі күні барлық электр қуатының шамамен 35% еліміздің 15 ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары пайдаланады.

Бүгін Астанада Қазақ-Герман энергия тиімділігі орталығының тұсауы кесілді, ол энергия аудиті саласының мамандарын оқытып, энергия үнемдеудің заманауи технологияларын енгізумен шұғылданатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны