15.01.2008, 18:44 3179

Ішкі істер министрі президентке министрліктің өткен жылы атқарған жұмыстары жөнінде баяндады

Ішкі істер министрі президентке министрліктің өткен жылы атқарған жұмыстары жөнінде баяндады

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановты қабылдады, деп хабарладйы агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында министр президентке министрліктің өткен жылы атқарған жұмыстары жөнінде баяндады.

"2007 жылы елдегі қылмыстық ахуал қалыпты бақылауда ұсталды. Жасалған қылмыс, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстық оқиғалар саны 10 пайызға азайды. Қазіргі таңда қылмыстың тең жартысын ұрлық жасау оқиғалары құрап отыр. Оларды ашу жұмыстарына ІІМ айрықша назар аударады. Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресте табысты жұмыс атқарылды. Былтырғы жылы нашақорлыққа тәуелді ретінде тіркелетін тұлғалар саны төмендеді", - деді Б.Мұхамеджанов журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны