24.02.2012, 09:49 3447

Ішкі істер министрлігінің құрылымында жаңа тағайындаулар болды

Қазақстан Республикасының Ішкі іcтер министрі Қалмұханбет Қасымов бірқатар жаңа тағайындаулар жасаған.

Астанра. 24-ақпан. Kazakhstan Today - Ішкі істер министрлігінің құрылымында жаңа тағайындаулар болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайты хабарлайды.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Ішкі іcтер министрі Қалмұханбет Қасымов бірқатар жаңа тағайындаулар жасаған.

Қазақстан Республикасы Ішкі іcтер министрінің 2012 жылғы 23 ақпандағы № 71 ж/қ бұйрығына сәйкес Криминалдық полиция комитетінің төрағасы лауазымына полиция генерал-майоры Қанат Қожахметов, Тергеу комитетінің төрағасы лауазымына полиция полковнигі Марат Қожаев, Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Ахан Қажкенов тағайындалды. Сонымен қатар, Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің бастығы болып полиция полковнигі Тілеген Маткенов, Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Мейірхан Жаманбаев бекітілді. Ал Көліктегі Ішкі істер департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Жанат Сүлейменов тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны