31.03.2010, 18:23 7131

"Іздестіру" іс-шарасы барысында Қазақстан аумағында ТМД елдерінің құқық қорғау органдары іздеп жатқан 75 қылмыскер ұсталды

"Іздестіру" іс-шарасы барысында Қазақстан аумағында ТМД елдерінің құқық қорғау органдары іздеп жатқан 75 қылмыскер ұсталды

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - "Іздестіру" кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қазақстан аумағында ТМД елдерінің құқық қорғау органдары іздеп жатқан 75 қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция комитетінің хабарламасына сілтеме жасап.

"Іздестіруде жүрген қылмыскерлерді анықтау және ұстау мақсатында ағымдағы жылғы 23-28 наурыз аралығында республика аумағында "Іздестіру" кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Операцияны өткізу барысында ішкі істер органдарының, ішкі әскерлердің, әкімшілік, жол, көші-қон және басқа да қызметтердің күштері мен құралдары тартылды",- деп хабарлайды ІІМ.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде болған 439, соның ішінде бұрын ашылмай қалған - 70, оның ішінде 10 жылдан астам іздеуде болған 7, 5 жылдан астам іздеуде болған 19, кісі өлтіргені үшін - 8; қарақшылық шабуыл жасағаны үшін -11, тонау - 28, денсаулыққа ауыр жарақат келтіргені үшін - 12 адам ұсталды",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "24 наурызда Ақмола облысы ІІД-нің қызметкерлері тұрақты мекен-жайы жоқ 26-жастағы азаматты ұстады, ол 2007 жылы сәуірде Көкшетау қаласында мас күйінде қала тұрғынын өлтірген. Атырау облысы ІІД-нің қызметкерлері Атырау қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады, ол 2010 жылғы қаңтарда мас күйде қала маңындағы Геолог кентінде орналасқан "Дияр" дүкенінде қоқан-лоққы жасау арқылы актив төлем карталарын ашық түрде иеленген және сатушыға пышақ жарақатын келтірген. Астана қаласының ІІД қала тұрғынына пышақ қолданумен қарақшылық шабуыл жасағаны және бопсалағаны үшін 9 жылдан астам іздеуде болған 32 жастағы айыпталушы ұсталды. Алматы қаласында әйел адамға қарақшылық шабуыл жасағаны және оның 552 мың теңге ақшасын тартып алғаны үшін 10 жылдан астам іздеуде болған Шығыс Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғыны 25 наурызда ұсталды".

ІІМ мәліметінше, сондай-ақ, "Іздестіру" операциясы барысында ТМД елдерінің ішкі істер органдарымен бірге республикадан тыс жерлерде 22 іздестіруде жүрген, оның ішінде кісі өлтіргені, денеге ауыр жарақат келтіргені және тонау жасағаны үшін 2 адамды ұсталды.

"Астана қаласының ІІД тапсырмасы бойынша РФ Киров қаласында жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денеге ауыр жарақта түсіргені үшін 9 жылдан астам іздеуде болған 31 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Алматы облысының ІІД қызметкерлері Қырғыз Республикасының аумағында сол мемлекеттің 31 жастағы азаматын анықтады, ол 2005 жылы Қарасай ауданының Ақжар аулында кісі өлтірген. ШҚО ІІД қызметкерлері РФ Барнаул қаласында Қазақстанның 40 жастағы азаматын ұстады, ол кісі өлтіргені үшін 2001 жылдан бері іздеуде болған. Ұсталғандарды экстардициялау мәселесі шешілуде",- деп хабарлайды комитеттегілер.

Операция барысында Қазақстан аумағында ТМД елдерінің құқық қорғау органдары үшін 75 қылмыскер, оның ішінде Ресей үшін - 61, Өзбекстан үшін - 12, Украина және Беларусь үшін 1 қылмыскер ұсталды.

Қостанай облысының ІІД қызметкерлері Қостанай ауданының Садчиков кентінде Қорған облысының ІІД-де 2008 жылдан бері кісі өлтіргені үшін іздеуде болған 48 жастағы Ресей азаматы ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны