02.09.2016, 09:10 2375

"Ядросыз әлем құру" конференциясыныӊ қорытындысы Берлинде талқыланды

Астанадағы "Ядролық қарусыз әлем құру" халықаралық конференциясыныӊ қорытындысы бойынша Берлинде неміс журналистері мен ядролық қарусыздану саласындағы сарапшыларға арналған брифинг ұйымдастырылды, деп хабарлады СІМ.

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанадағы "Ядролық қарусыз әлем құру" халықаралық конференциясыныӊ қорытындысы бойынша Берлинде неміс журналистері мен ядролық қарусыздану саласындағы сарапшыларға арналған брифинг ұйымдастырылды, деп хабарлады СІМ.

Өз баяндамасында Германиядағы Қазақстан елшісі Болат Нүсіпов аталмыш форумныӊ қорытындысы бойынша нақты ақпарат берді, шара Семей полигоныныӊ жабылуына 25 жыл толуына арналған болатын.

Б.Нүсіпов айтып өткендей, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесініӊ 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретінде әлем мен қауіпсіздікті нығайту бойынша өзініӊ белсенді саясатын ұсынатын болады. Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Илем. XXI ғасыр" манифесіндегі бастамалар жүзеге асырылмақ.

Брифинг барысында конференцияға қатысушылар IPS халықаралық бюро президенті Райнер Браун пен Energy Watch Group қорыныӊ президенті - Бундестагтіӊ экс депутаты Ханс-Йозеф Фель Астанадағы шараны бағалауыныӊ нәтижесімен бөлісті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны