06.01.2022, 01:58 616

ҰҚК жаңа басшысы тағайындалды

ҰҚК жаңа басшысы тағайындалды
Сурет: gov.kz
НҰР-СҰЛТАН. 6 ҚАҢТАР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасын тағайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылсын", - делінген Президенттің Жарлығында.

 
Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босатылды.
 
Ақорданың ақпараты бойынша, Мемлекет басшысының өкімімен Берік Садықұлы Құнанбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры лауазымына тағайындалды.
 
Мемлекет басшысының өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры лауазымынан босатылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны