21.02.2008, 16:49 3297

Қапшағай қалалық соты Қылмыстық кодекс бабының Конституцияға сәйкессіздігін анықтады

Қапшағай қалалық соты Қылмыстық кодекс бабының Конституцияға сәйкессіздігін анықтады

Астана. 21 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Астанада Конституциялық кеңестің ашық отырысы өтіп, онда Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының Қылмыстық кодекстің 341-ші бабының 1 және 4 тармақтарын Конституцияға сәйкес емес деп тану жөніндегі таныстыруы талқыланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Роговтың хабарлағанындай, "ағымдағы жылдың 5 ақпанында Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесіне Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының Қылмыстық кодекстің 341-ші бабының 1 және 4 тармақтарын Конституцияға сәйкес емес деп тану жөніндегі таныстыруы келіп түсті".

Бұл нормада қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелерде отырған бір топ адамның осы мекемелердегі қалыпты жұмыс ырғағын тұрақсыздандыру мақсатында өз-өзіне қол жұмсау әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұрын ҚР Қылмыстық кодексінде мұндай норма болмаған. Өзгертулер 2007 жылдың 26 наурызында енгізілді. Үкіметтің бастамасымен жобасы жасалған бұл заңда да осы норма болмаған, ол алдыңғы үшінші шақырылымдағы мәжіліс депутаттары енгізген түзету түрінде пайда болды.

Конституциялық кеңес төрағасының айтуынша, бұған қоса "Қапшағай сотының кеңеске жүгінуіне түзету мекемесінде тұрақсыздық орнату үшін өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша айыпталған бір топ адамңға қатысты қылмыстық істің қаралуы себеп болған". Алайда, сот талқысы барысында сот айыпкерлерге жүктелген айып түріндегі Қылмыстық кодекстің 341-ші бабының 1 және 4 тармақтары адамның құқығы мен бостандығына кепілдік беретін Ата заңның бірқатар нормаларымен сәйкес келмейді деп тапты.

Конституциялық кеңестің отырысы барысында үкіметтің өкілі - әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов үкімет басшысының осы өтінішті қарайтын мәжілісті республиканың әділет министрі қызмет бабындағы іссапармен жүруіне байланысты кейінге шегере тұруды сұраған өтінішін таныстырды.

Конституциялық кеңестің регламентіне сәйкес бұл өтініш жартылай қанағаттандырылып, отырысты жалғастыру 2008 жылдың 26 ақпанына тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны