05.03.2010, 13:53 3301

Қарағанды ІІД мектепте балалардың улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесін қарастыруда

Қарағанды ІІД мектепте балалардың улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесін қарастыруда

Қарағанды. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағандыда мектепте балалардың улану дерегі материалдары процессуалдық шешім шығару үшін полицияға берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "2 наурызда Қарағанды ІІБ Орталық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөліміне №62 орта мектептің әкімшілігінен үшінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде белгісіз біреулер баллоннан газ шашты деген хабар келген. Бұзақылық дерегі Қарағанды ІІБ Орталық полиция бөлімінде тіркелді".

ІІД ақпаратына сәйкес, "жедел тергеу тобы №62 орта мектепке келген кезде дерек расталды. Мектептен 258 оқушы эвакуацияланды. Соның ішінде 16 оқушы қарау үшін облыстық медициналық орталыққа жеткізілді. 8 бен 11 сынып аралығында оқитын төрт қыз облыстық ауруханаға жатқызылды. Балалардың жағдайы ауыр, диагнозы анықталу үстінде".

"11 сынып оқушылары мен ұстаздар ұжымының, сондай-ақ, №62 орта мектептің техникалық қызметкерлерінің арасындағы сұрақ жұмыстары кезінде үшінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде белгісіз біреулер баллоннан газ шашқаны анықталды. Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде кәмелеттік жасқа жетпегендердің істері жөніндегі инспекция қызметкерлері полиция бөліміне осы мектепте 11 сыныпта оқитын екі күдіктіні жеткізген, олар оқиғаны жартылай мойындады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Қазір іс материалдары ҚР Қылмыстық кодексінің топпен жасалған бұзақылық жөніндегі 257-ші бабының 2-тармағы бойынша процессуалдық шешім шығару үшін полиция бөлімінде қаралып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны