26.05.2010, 15:56 3163

Қарағанды облысында бір тұрғынның автокөлігінен 2 килограмнан астам героин табылды

Қарағанды облысында бір тұрғынның автокөлігінен 2 килограмнан астам героин табылды

Астана. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында бір тұрғынның автокөлігінен 2 килограмнан астам героин табылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қарағанды облысының полиция қызметкерлері "Теміртау-Қарағанды" автожолында "Тойота" автомашинасын ұстады. Көлік жүргізушісін, яғни Қарағанды қаласының 46 жастағы тұрғынын жеке тексеру кезінде одан бірнеше грамм героин тәркіленді. Машинаның жолаушыларға арналған орындығының астынан героині бар пакет табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 2 килограмнан астам (2 кг 150 гр). Героиннің сатуға арналғаны белгілі болды. Сонымен қатар, ұсталғанның пәтерін тінту барысында "Наган" револьвері және оның жиырма шақты патроны алынды",- деді ІІМ өкілі.

Оның айтуынша, сол күні Теміртау қаласында "Тойота" көлігінің жүргізушісінен алынған есірткіні сатқан 46 жастағы адамнан тағы да 170 грамм есірткі тәркіленді.

Сату мақсатында есірткіні аса ірі мөлшерде тасымалдау және сақтау, сондай-ақ қару сақтау фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалды.

"Ағымдағы жылғы 25 мамырда арнайы операция өткізу барысында Астана қаласында каннабистік топтағы (марихуана, гашиш) есірткі сату нүктесі жойылды. Тінту кезінде елорда тұрғыны болып табылатын, 35 жастағы азаматшаның пәтерінен 18 килограмм марихуанна мен гашиш тәркіленді. Ұсталған азаматшаға қатысты төрт қылмыстық іс қозғалды, оның үшеуі есірткі сату фактісі бойынша қозғалып отыр",- деді ресми өкіл.

Сондай-ақ, Қ.Жұмановтың ақпаратына сәйкес, Қарағандыда жергілікті полиция қызметкерлері есірткі сатушы әйелді ұстады, оның пәтерінен 1 килограмм 100 грамм героин тәркіленді.

"Апта ішінде 1845 қылмыс жасалды, оның ішінде "ізі суымай" 1454, сондай-ақ бұрын жасалған 455 қылмыс ашылды. 71 қылмыс жасаған күдікті табылып, 10 қару тәркіленді. Сонымен қатар 157 есірткі қылмысы, оның ішінде 37 есірткі сату фактісі анықталды. 700 килограмға жуық есірткі, оның ішінде 6 жарым килограмға жуық героин тәркіленді.

ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің қызметкерлері Қарағанды облысының Теміртау қаласында 1 килограмм 200 грамм героин тәркіледі. Өткізілген арнайы операцияның нәтижесінде осы өңірде "ауыр" есірткіні сату желісін жолға қойған ірі есірткі дилері ұсталды. Жедел әзірлеме бір айдан астам уақыт бойы жүргізіліп, оның қылмыстық байланыстары анықталды",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны