04.09.2009, 16:24 2619

Қарағанды облысында депутатқа заңсыз алынған 700 мыңнан астам теңгені мемлекетке қайтару міндеттелді - прокуратура

Қарағанды облысында депутатқа заңсыз алынған 700 мыңнан астам теңгені мемлекетке қайтару міндеттелді - прокуратура

Қарағанды. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында депутатқа заңсыз алынған 700 мыңнан астам теңгені мемлекетке қайтару міндеттелді. Бұл туралы бүгін облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Айбар Ілияс журналистерге арналған брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

А. Ілиястың хабарлауынша, Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының шешімімен, Ақтоғай аудандық мәслихатының ревизиялық комиссиясының төрағасы Өмірәлі Смайыловтың "Энергия" ЖШС-інен пайда табу әрекеті сыбайлас жемқорлық сипатында деп танылып, 786 756 теңге көлеміндегі ақшалай қаражат мемлекеттік кіріске өндіріп алынды.

Прокурордың айтуынша, шағым түсіруге шағым түсіруге негіз болған себеп - мәслихаттың ревизиялық комиссиясының төрағасы бола тұра Өмірәлі Смайылов, педагогикалық, ғылыми және басқа да шығармашылық қызметтен өзге ақылы қызметпен айналысуға тыйым салынғанына қарамастан, қосымша "Энергия" ЖШС-ін басқарып, онда техникалық директор ретінде ай сайын жалақы алып отырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны