14.07.2017, 18:48 6086

Қарағанды облысыныӊ Ақадыр кентінде 70 пәтерлік үй жөнделіп баспанаға кезекте тұрғандарға беріледі

Қарағанды облысыныӊ Ақадыр кентінде 285 адам баспана алуға кезекте тұр. Бұл мәселені шешу мақсатында билік өкілдері бос қалған көпқабатты үйді жөндеуді ұйғарған.

Қарағанды. 14 шілде. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ Ақадыр кентінде бос қалған көпқабатты 70 пәтерлік үй жөнделіп баспанаға кезекте тұрғандарға беріледі,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қарағанды облысыныӊ Ақадыр кентінде 285 адам баспана алуға кезекте тұр. Бұл мәселені шешу мақсатында билік өкілдері бос қалған көпқабатты үйді жөндеуді ұйғарған.

Икімдіктіӊ ақпаратына сәйкес, 2000-шы жылы аталмыш үйге қазандықтан жылу тарату доғарылған соӊ тұрғындар біртіндеп өз пәтерлерін тастай бастаған. Ғимарат босап қалған. 2007-ші жылы №2 Шет ауданы сотыныӊ шешімімен ол иесіз деп табылған.

Сол 2007-ші жылы үй аудандық экономика және қаржы бөлімініӊ қарауына ауыстырылған. Соӊыра ғимарат бірнеше мәрте қалыпқа келтіру шартымен саудаға қойылған. Алайда ниет білдірушілер болмаған.

- Сіздердіӊ ауданда құрылыс көрсеткіштері өте төмен екенін айта кету керек, - деді Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов Шет ауданыныӊ активінде. - Соӊғы жылдары сіздерде бірде бір үй салынбаған. Ағымдағы жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша да тек екі нысанныӊ құрылысы жоспарланған. Бұл өте аз. Ал Ақадыр кентіндегі бос қалған тұрғын үйді қалыпқа келтіруге тоқталар болсақ, мен өзімніӊ орынбасарларым мен тиісті басқарма басшыларына аталмыш мәселені жылдамдатып шешуді тапсырамын.

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша Шет ауданында Ақжал кентінде құны 74 миллион теӊге болатын 12 пәтерлі үй мен Ақсу-Аюлы кентінде 34 миллион теӊгеге 4 пәтерлі таунхаус салыну жоспары бар.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі сондай-ақ Шет ауданындағы жол мәселелеріне үлкен назар аударылып жатқанын тілге тиек етті.

Баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылы ауданға жол жөндеу жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен 660 млн теӊге бөлінген. Бұл қаражатқа орташа жөндеу өткізіледі. Барлығы Шет ауданына 508 шақырым жол тиесілі. Оныӊ жартысы биыл жөнделсе, қалғанына келесі жылы бюджеттен бір миллиардтан астам қаржы бөлінбек.

Актив отырысында Шет ауданы ақсақалдар кеӊесініӊ мүшелері жөнделіп жатқан жолдардыӊ сапасы жіті қадағаланса екен деген тілек білдірді. Бұл ретте облыс әкімі ол үшін арнайы комиссия құрып, оныӊ құрамына ардагер-жол жөндеушілер, аудандық мәслихат депутаттары және қоғамдық кеӊес мүшелерін енгізуді ұсынды.

Еске сала кетейік, Қазақстан президенті "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында: "Меніӊ тапсырмам бойынша биыл "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастайды. Ол аса маӊызды міндетті орындауға - алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Жол, тұрғын үй және басқа да инфрақұрылым құрылысына инвестиция сала отырып, біз қалаларымыздыӊ ұзақ жылдарға дейін сыртқы және технологиялық келбетін айқындайтынымызды ұмытпағанымыз жөн",- деді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны