19.06.2017, 19:13 4293

Қарағанды облысыныӊ әкімі мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ жағдайын жақсарту жұмыстарын өзі қадағалайтын болады

Қарағанды облысында 60 мыӊнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Ол аймақ тұрғындарыныӊ жалпы саныныӊ 4,4 %-ы. Мүгедек балалар саны 4 мыӊнан асады.

Қарағанды. 19 маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ жағдайын жүйелі түрде жақсартуды талап етті. Аймақ басшысы бұл жұмыстарды өзі қадағалайтын болады. Бұл жайлы ол мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласы бойынша өткен үйлестіру кеӊесінде мәлімдеді.

Қарағанды облысында 60 мыӊнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Ол аймақ тұрғындарыныӊ жалпы саныныӊ 4,4 %-ы. Мүгедек балалар саны 4 мыӊнан асады.

Қазіргі таӊда мүгедектердіӊ өмір сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша аймақтық шаралар жоспары жүзеге асырылуда. 2017 жылы облыстық бюджеттен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетуге 631,9 млн теӊге бөлінген. Өткен жылмен салыстырғанда қаржы сомасы екі есеге ұлғайған. Аталмыш қаражат мүгедектер арбасын, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарды алуға, протездеу бойынша медициналық қызметтерді және протезді-ортопедиялық өнімдерді сатып алуға, мүгедектер үшін санаторлық-курорттық жолдамаларды алуға жұмсалады.

Бұған қоса мүгедектерді әлеуметтік қорғауға байланысты республикалық бюджеттен 610,6 млн. теӊге көлемінде мақсатты трансферттер қарастырылған.

Үйлестіру кеӊесінде мүгедектер үшін қолжетімді ортаныӊ жағдайы талқыланды. Жиналыс барысында бірқатар басқармалардыӊ жетекшілері, Қарағанды қаласы мен Бұқар Жырау ауданыныӊ әкімдері баяндама жасады.

Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ қоғамдық көліктегі ыӊғайлығы үшін 21 жолаушы тасымалдайтын автобус арнайы жабдықталған. Мүгедектерді тегін тасымалдайтын 33 инватакси жұмыс істейді.

Дегенмен, мүгедектер қоғамдық қорларыныӊ өкілдері инфрақұрылымныӊ жоқтығын айтып, шағымданды.

"Еӊ басты проблема - қолжетімді қоршаған орта құру. Қайта қалпына келтіру техникалық жабдықтарымен бізді қамтамасыз етеді. Қарағандылықтар үшін сатып алынатын мүгедектер арбасына тіпті Астанада да қызығады. Алайда біз қала ішінде жүріп-тұруымыз керек қой. Біз пандустар туралы айтып отырмыз. Сонымен қатар құлағы нашар еститін, көзі нашар көретін мүгедектер де бар. Олар үшін нысандар бейімделмеген", - дейді "Лайықты өмір" мүгедектерді қайта қалпына келтіру орталығы" ҚҚ төрағасы Александр Ивкин.

Жиналыс барысында сондай-ақ қала жолдары арбада отырған мүгедектер үшін бейімделмегені туралы сөз қозғалды. Ал темір жол вокзалында көтергіш құралдар жоқ. Сонымен қатар полиция қызметкерлері мүгедектерге арналған көлік қою орындарына басқалар көліктерін қоймауын қатаӊырақ қадағаласа екен деген тағы бір өтініші айтылды. Қарағанды қаласындағы 90 мыӊ адамға қызмет көрсететін емханада мүгедектерді жоғары қабаттарға көтеретін құрылғылар жоқ. Сонымен бірге инклюзивті білім мәселесі де талқыланды.

Ерлан Қошанов екі жақты да тыӊдап болған соӊ, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ есебін мейірімсіз деп санап, қабылдамады.

"Пандустар - еӊ маӊызды мәселе емес. Біз оны бірінші кезекте жасауымыз керек. Еӊ бастысы - өмір сапасын жақсарту, - деп қадап айтты облыс әкімі. - Баяндама таза шенеунік тұрғысынан жасалған, мейірімсіз. Жағдайдыӊ ешқандай сараптамасын естіген жоқпын. Бізде қандай проблемаларды шешу керектігі де айтылмады. Ол жайында жиналысқа келген қонақтарымыз ғана айтты. Қабылдамаймын мына есептеріӊізді".

Аймақ басшысы мүгедектер қоғамдық қорларыныӊ өкілдеріне ашық әӊгіме үшін алғыс айтты. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз қоршаған орта құру бойынша жұмыстарды түзету керек деген қорытынды жасады. Облыс әкімі жергілікті бюджеттен мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша шараларға бөлінетін қаражатты ұлғайту жолдарын қарастыруды тапсырды.

"Қазір міне, біздіӊ көшелерімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды сирек кездестіруге болатыны туралы айтылды. Себебі ол адамдарға үйлерінен шығу қиын. Біз барлығымыз шет елдерде боламыз, ол жерде басқа көрініс. Ол жақтағы мүгедектер ешқандай таршылық көрмейді, қоғамдық ортада өздерін бос ұстап, барлық адамдармен теӊ жағдайда болады. Бізге сондай жағдайға ұмтылу керек, - деді Ерлан Қошанов. - Біз осы жерде айтылған әрбір мәселеге нақты тоқталып, жүйелі жұмыс құруымыз керек. Идетте үйлестіру кеӊесін меніӊ орынбасарым өткізетін. Енді әр жиналысты мен өзім өткіземін. Атқарылып жатқан жұмыстарды өзім бақылайтын боламын".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны