19.06.2008, 18:24 2932

Қарағанды облыстық сотының бақылау алқасы "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының салығын артық есептеуді заңсыз деп таныды

Қарағанды облыстық сотының бақылау алқасы "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының салығын артық есептеуді заңсыз деп таныды

Қарағанды. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі бақылау алқасы "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының салығын артық есептеуді заңсыз деп таныған 2008 жылдың 4 сәуіріндегі аппеляциялық алқа шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Шешімді облыстық соттың төрағасы Мұхамеджан Пақырдинов жариялады.

ҚР Қаржы минстрлігінің салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов журналистерге берген сұхбатында сот шешімімен келіспейтінін және оған байланысты Жоғарғы сотқа шағымданатынын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны