11.07.2017, 20:08 4110

Қарағандыда 2018-ші жылы балабақшалардағы кезектерден арылу жоспарланып отыр

Қарағандыда мемлекеттік-жеке меншік серіктестік балабақшадағы кезектерден арылуға септігін тигізеді. Жыл соӊына дейін облыс орталығында 25 жеке меншік балабақша ашу жоспарда тұр

Қарағанды. 11 шілде. Kazakhstan Today - Қарағандыда мемлекеттік-жеке меншік серіктестік балабақшадағы кезектерден арылуға септігін тигізеді. Жыл соӊына дейін облыс орталығында 25 жеке меншік балабақша ашу жоспарда тұр.

- Қазіргі таӊда Қарағандыда 17 жеке меншік балабақшада 1600-ден астам орын құрылған. Маусым айынан бастап мемлекеттік тапсырыс көлемі де ұлғайтылды, соныӊ көмегімен мемлекеттік және жеке балабақшалардыӊ төлемақысын теӊестіру мүмкіндігі туды. Бұл шара туралы жан-жақты ақпарат таратудыӊ арқасында кәсіпкерлердіӊ әлеуметтік бизнеске қызығушылын арттыру мүмкін болды. Жалпы 2017-ші жылы 3271 орынға шақталған 25 жеке меншік балабақша ашу жоспарда тұр, - деп қала әкімініӊ орынбасары Ирина Любарская аймақ басшысы Ерлан Қошановтыӊ алдында есеп берді.

- 2020-шы жылға дейін мектепке дейінгі біліммен 100% балаларды қамту туралы Елбасыныӊ тапсырмасы бар. Біз ол міндетті келесі жылы орындап тастауды жоспарлап отырмыз, - деді журналистер алдында Ерлан Қошанов.

Октябрь ауданын аралау барысында облыс әкімі Пришахтинскіде салынып жатқан "Бота" балабақшасында болып қайтты. Осыған дейін бұл ғимаратта "Красная шапочка" балабақшасы болған еді. Жекешелендіру кезеӊінде ол арзанға жеке меншік қолға кеткен болатын. Ғимарат иелері онда түнгі клуб ашқан. Енді ол қайтадан балалардыӊ игілігіне берілді.

- Бұл ғимаратты біз 2016-шы жылы қарашада жылжымайтын мүлік нарығында сатып алдық. 2017-ші жылдыӊ наурызында қайта қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын бастадық. Мемлекеттен "Бизнестіӊ жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша қолдау алдық. Айта кету керек, мемлекеттік қолдау жан-жақты жүргізіліп жатыр. Қайда барсақ та мәселелеріміз еш қиындықсыз шешіліп жатыр, - деді балабақша құрылтайшысы, жеке кәсіпкер Гәкку Нұрғожина.

Балабақшаныӊ ашылуы қыркүйекке жоспарланып отыр.

- Бірінші кезеӊде 150 баланы қабылдаймыз, келешекте тағы 120 орынға кеӊейтпекпіз. Жалпы жобалық қуаты - 270 орынға шақталған, - деп қосты кәсіпкер. - Өз қаражатымызға тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан балаларды тасымалдайтын автобус сатып алдық. Таӊертеӊ үйді-үйлерінен алып кетеміз де, кешке ата-аналарына жеткіземіз.

Жоба құны - 300 млн. теӊге. Балабақша құрылтайшысы банктен қарыз алған, ал 130 миллион теӊге сомасын "Даму" қоры субсидиялайды.

Ерлан Қошанов неліктен мемлекет үшін биснеспен серіктестік жаӊа балабақша салудан тиімдірек екенін түсіндірді.

- Жеке меншік балабақшаларды субсидиялау жылына 900 млн теӊгені құрайды. Осыныӊ арқасында 3000-нан астам орын құрылады. Ал бір балабақшаныӊ құрылысына 320 млн теӊге қажет, - деді аймақ басшысы.

Облыстық білім басқармасында жеке меншік мектепке дейінгі мекемелерді ашу бойынша қадамдық нұсқаулық құрастырған. Үлгілі бизнес-жоспар да бар. Илеуметтік бизнеске қаржысын құйып жатқан кәсіпкерлер Бизнестіӊ жол картасы-2020 бойынша мемлекеттік құралдарды пайдалана алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны