15.02.2010, 18:08 3147

Қарағандыда алматылық кәсіпкерді өлтіру қылмысының беті ашылды

Қарағандыда алматылық кәсіпкерді өлтіру қылмысының беті ашылды

Қарағанды. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Қарағандыда алматылық кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратураның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 14-ақпанда үш күдікті ұсталды, тағы біреуіне іздеу жарияланды, ол - қылмысты ұйымдастырушы болып табылады.

Қарқаралы ауданының тұрғындары болып табылатын 20 мен 25 жас аралығындағы жігіттер Қарағандыда жанармай құю бекетінде жұмыс істеген. Олар Алматыдан ірі көлемде ақшасы бар кәсіпкер келеді деген ақпаратты естіген. Ұсталғандар кінәларын мойындап отыр, деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

"Күдіктілер кәсіпкер пәтер жалдап тұрған үйдің шатырына шығып, сосын жіп арқылы төртінші қабатқа дейін түсіп, терезені сындыру арқылы пәтерге басып кірген. Олар ақшасы қайда екенін айтады деген күдікпен кәсіпкерді соққыға жыққан. Соның салдарынан кәсіпкер жігіт қаза табады, ал қарақшылар оның ноутбугы, ұялы телефондары мен үйдің ауласында тұрған "Инфинити" көлігін ұрлап, қылмыс орнынан іздерін жасырған. Қарқаралыға қарай бет алған жолдарында көліктің тізгініне ие бола алмай, автокөлік жолың жиегіне шығып апатқа ұшыраған, көлікті олар сол жерге тастап кеткен. Бұдан кейін олар Қарағандыға оралған", -деп хабарлайды прокуратурадағылар. Бұл оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпанда полицияға хабарласқан бір ер адам өзінің серіктесі іссапармен Қарағандыға шыққанын, бірақ қала орталығында жалға алған пәтерінің есігін ашпай, ұялы телефон қоңырауына жауап бермей жатқанын хабарлаған. "Шақыру бойынша келген жедел тергеу тобы есікті бұзып ашады. Алматыдан жұмыспен келген кәсіпкердің өлі денесі ол жалға алған пәтерден табылды. Оның қол-аяғы тоқтың сымымен байланған, басында кофтасы болған, көп жерінен жарақаттанған. Ал еденнен оның белбеуі мен құжаттары табылды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны