19.07.2017, 21:45 4216

Қарағандыда бос жер телімдері белгіленген электронды карта құру жұмыстары басталды

Қарағандыда бос жер телімдері көрсетілген электронды карта жасау жұмыстары басталды,- деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Қарағанды. 19 шілде. Kazakhstan today - Қарағандыда бос жер телімдері көрсетілген электронды карта жасау жұмыстары басталды,- деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Осындай қолжетімді мәлімет базасын кәсіпкерлер бұрыннан бері күткен болатын. Аймақта шағын және орта бизнесті дамытуға, инвестицияларды жұмылдыру үшін не қажет екені туралы аппараттық жиналыста облыс әкімініӊ орынбасары Алмас Айдаров айтып берді.

Инвестициялар мен шағын және орта бизнестіӊ дамуы аймағымыздыӊ өсуініӊ негізі болып табылады, деп атап айтты ол.

- Инвесторлар тарапынан облысымызға деген қызығушылық бар. Өткен аптаныӊ өзінде-ақ біз төрт шет елдік және екі отандық инвесторлармен кездесу өткіздік. Олармен аспап, кабель зауытыныӊ құрылысы және тағы да басқа жобаларды жүзеге асыру туралы әӊгімелестік, -деді Алмас Айдаров.

Потенциалды инвесторлармен жұмыс барысында мемлекеттік органдардыӊ және мүдделі құрылымдардыӊ дұрыс үйлестірілуін күшейту керек деп есептейді облыс әкімініӊ орынбасары. Сонымен қатар аймағымызда инвесторларды іздестіру бойынша нақты жүйе құру керек. Ол үшін тауашалы жобалардыӊ тізімі құрылуы қажет.

Естеріӊізге сала кетейік, Елбасы 2050-ші жылға дейін еліміздіӊ ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойып отыр. Жергілікті билік кәсіпкерлерге жайлы жағдай жасау керек. Аймақ бизнесмендері бос жер телімдері, техникалық қосу шарттары бойынша ақпараттарға қол жеткізу мүмкін еместігін айтып шағымданды.

- Бұл кешегі күнніӊ проблемасына айналуы тиіс, - деді Алмас Айдаров. - Ол үшін бос жер телімдері мен энерго қуаттылықтардыӊ электронды карталары құрылатын болады. Қазіргі таӊда біз бұл жұмыстарды бастап кеттік. Бірінші кезеӊде ол Қарағанды мен Теміртау болады, соӊыра басқа да қалалар мен аудандарды қамтитын боламыз.

Сонымен қатар ШОБ субъектілері үшін бос ғимараттар картасын құру қажеттілігі бар.

- Инвесторлар үшін жайлы жағдай жасау - бірінші кезекте тұрған мәселе. Бизнеске көмек көрсету үнемі түрде жалғасып отыруы қажет, - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов, орынбасарыныӊ баяндамасын тыӊдап болған соӊ.

Аймақ басшысы жақын арада кәсіпкерлік мәселелері бойынша Кеӊестіӊ кезекті жиналысын ұйымдастырып, ғалымдар мен бизнесмендерден тұратын Ғылыми-техникалық кеӊес жинауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны