20.01.2010, 17:44 3350

Қарағандыда полиция бөлімінің жедел уәкілін өлтіргендер ұсталды

Қарағандыда полиция бөлімінің жедел уәкілін өлтіргендер ұсталды

Астана. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағандыда полиция бөлімінің жедел уәкілін өлтіргендер ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, өткен жылдың 20 желтоқсанында Қарағанды қаласында Орталық полиция бөлімінің жедел уәкілі өлтірілген болатын.

Қылмысты ашу үшін үздіксіз режимде жұмыс жүргізілді, соның нәтижесінде 16 қаңтарда Қарағанды қаласының үш тұрғыны ұсталды, олардың біреуі аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұдан бұрын бірнеше рет сотталған болып шықты.

Ұсталғандар қылмысты "Петролум" түнгі клубында болған жанжал салдарынан жасағандарын мойындап, сол клубта олардың досын біреудің ұрып-соққанын айтты. Досын ренжіткен адаммен есеп айыру үшін олар жәбірленушіні жанжал шығарушымен шатастырып, оны клубтан автотұраққа дейін автомашинамен аңдып барып, өлтіріп кеткен. Бұл қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны