07.07.2010, 17:38 2731

Қарағандыда жол полициясының қызметкері полицейлерге қарсы оқ атқан

Прокуратураның ақпараттарына сүйенсек, төтенше жағдай 1-шілдеде орын алған. Облыстық ІІД жеке қауіпсіздік басқармасының қыметкерлері жүргізушілердің көптеген шағымдарына байланысты "Рубеж" бекетінде парақорлықты анықтауға қатысты арнайы шара өткізіп жатқан. Арнайы іс-шара өткізу барысыда шымкент автобусының жүргізушісі полицейлерден көмек сұраған.

Қарағанды. 7-шілде. Kazakhstan Today Қарағандыда жол полициясының қызметкері полицейлерге қарсы оқ атқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қарағанды облысының әскери прокуратурасына сілтеме жасай отырып.

Прокуратураның ақпараттарына сүйенсек, төтенше жағдай 1-шілдеде орын алған. Облыстық ІІД жеке қауіпсіздік басқармасының қыметкерлері жүргізушілердің көптеген шағымдарына байланысты "Рубеж" бекетінде парақорлықты анықтауға қатысты арнайы шара өткізіп жатқан. Арнайы іс-шара өткізу барысыда шымкент автобусының жүргізушісі полицейлерден көмек сұраған.

Қарағандының шыға берісінде екі полцей бірі жол полициясының, екіншісі - әскери полицияның қызметкерлері Шымкенттен келе жатқан автобусты тоқтатып, одан құжаттарын көрсетуді талап еткен. Жоспар бойынша жүргізуші өзінде сақтандыру және тағы да бірнше құжаттарының жоқ екендігін айтып, полиция қызметкерлерімен 2 мың теңге беріп келіспек болған.

Искери полицей жүргізуші берген ақшаны ала берген кезде арнайы топ оны ұстау үшін автобустан жүгіріп шыққан. Жол полициясының аға лейтенанты өз әріптесін ұстап жатқандығын көріп, бекет ғимаратына жүгіріп кіріп, Калашников мылтығынан оқ жаудырған. Аброй болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Искери прокуратура іс материалымен танысқаннан кейін процессуалдық шешім қабылданатындығын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны